8 мамыр күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде "Өнерлі бала" және "Султик" клубтарының қатысушылары үшін Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Қазақтың батыр қызы Әлия" атты ерлік сабағы өтті.
Іс-шара барысында ұлдар мен қыздар Әлия Молдағұлованың ерлігі және оның өмір жолы туралы көптеген мәліметтер білді.
Бұл ерлік сабағының мақсаты - балалар мен жасөспірімдерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың теңдессіз ерлігін, әсіресе , еліміздің тарихының қазіргі заманмен байланысын түсінуге көмектесу болып табылады. Сондай-ақ жастарға тарихи, батырлық-патриоттық, мәдени-адамгершілік тәрбие беру.
 
440202328 975776944218116 537644045985315012 n   441927362 975776987551445 1219584094760765718 n
Яндекс.Метрика