«Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де өткізілген семинар-кеңес туралы ақпарат
«Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Zoom платформасында кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізілді, онда кітапхана қызметкерлерін жоспарлы аттестаттау қорытындысы шығарылды, ол 7,8,9 қазанда екі кезеңде өтті: тестілеу және әңгімелесу. Барлық кезеңдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өтті. Кітапхана қызметкерлерін жоспарлы аттестаттау қорытындылары шығарылды. Семинар-кеңес барысында кітапхана қызметкерлері кітапханашыларды аттестаттау қорытындысы бойынша анықтамамен таныстырылды, комиссия мүшелерінің ескертулері бойынша кеңестер, ұсынымдар мен ұсыныстар берілді. Аттестаттау қорытындысы бойынша барлық кітапхана мамандары біліктілік санаттарына қойылған талаптарға жауап береді және атқаратын лауазымына сәйкес келеді.