9 қараша күні шертпе күйдің шебері атанған Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 200 жыл толуына орай №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана шаңырағында «Күй көтерер көңілдің көкжиегін» атты күй жарыс болып өтті. Бұл жарысқа №18 ЖББОМ 8-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты:Тәттімбет Қазанғапұлының өмірін әңгімелеу арқылы күйші композитормен, күй түрлерімен таныстыру, оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу. Шара барысында 8-сынып оқушылары Ижикенова Арай мен Ақпарова Мөлдір Тәттімбеттің «Саржайлау»,«Сылқылдақ», «Бестөре», «Көкейкесті», «Сылқылдақ», сияқты күйлерін орындады. Кітапханашы Конырова Айтолқын Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндама жасады.