22 ақпан күні М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қабылданған «Туған жерім - тұғырым» жобасын жүзеге асыру мақсатында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына орай «Алты алаштың ақылшысы - Бұқар баба» атты кітапхана-керуені шарасының топтамасы шеңберінде «Бұқар жырау ауданы бізде қонақта» атты кездесу кеші өтті. Шараның мақсаты: туған өлкеміздің тарихи тұлғаларын өнеге ете отырып, патриоттыққа, сөйлеу мәдениетіне, сөзге тоқтай білуге, елін сүюге тәрбиелеу; жас оқырмандарды қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын, қоғам қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру, жыраулық өнердің құдіретін ұғындыру. Шараға Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданы білім беру бөлімінің Ботақара кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК директоры Б. Ермұхамбетов және мектеп өнерпаздары, режиссер, ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық республикалық аймақтық фестивальдердің лауреаты, ҚР журналистер одағының мүшесі С.Ә. Жұмағали, айтыскер ақын Д.Қамиев, Ботақара кентінің балалар өнер мектебінің ұстазы А. Әкішев, «Замандас» клубының мүшелері, «Қарымды қаламгер» жас а0ындар клубының мүшелері, ҚарМТУ студенттері, жыраудың жерлестері мен оқырмандар қатысты. Шара барысында Б Ермұхамбетов Бұқар жырау ауданының және өнер мектебінің жырау бабаның атын дәріптеу бағытындағы жетістіктері туралы әңгімеледі. Кітапхана фоесінде жас суретшілердің туындыларынан безендірілген көрмеге шолу жасалды. Бұқар жыраудың мерейтойының құрметіне жас өнерпаздар жыраудың толғауларын оқыды, ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында күйлер тартылып, әндер шырқалды, билер биленді. Кеш соңында театрандырылған қойылым көрсетіліп, режиссер, ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық республикалық аймақтық фестивальдердің лауреаты, ҚР журналистер одағының мүшесі Жұмағали Сламбек сомдаған Бұқар баба қатысушыларға батасын берілді. Шараға «Алты алаштың ақылшысы - Бұқар баба» атты кітап көрмесі әзірленіп, Бұқар жыраудың шығармалары мен жырау туралы материалдар ұсынылды. Шараға 60 адам қатысты.