17 желтоқсан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында жазушы, қоғам қайраткері Жайық Бектұровтың туғанына 105 жыл толуына орай «Сарыарқаның абызы-Жайық Бектұров» атты тарихи-жаңғырық шарасы өтті. Мақсаты: жастарды Ж.Бектұровтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, жалпы адамзаттық құндылықтар, зиялылық, креативтілік, ой-пікір тәуелсіздігі тұрғысынан патриоттық тәрбие беру. Іс-шараға Жайық Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының мұражай кабинетінің меңгерушісі Шпанова Жанат Рымқұлқызы және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Қарағанды инновациялық технологиялар колледжінің студенттері қатысты. Кітапхана қызметкерлері Жайық Бектұров туралы қызықты мағлұматтар жайлы баяндап, өмірбаяны мен Жайық Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасындағы мұражайы туралы бейнероликтер көрсетілді, студенттер келген қонақтарға жазушының шығармаларына қатысты сұрақтар қойды.