2018 жылы 3 шілдеде № 29 кітапхана - филиалында Астана қаласының 20 жылдығына орай - «Астана - қазақ халқының тәуелсіздік және бірлігінің символы» атты дөңгелек үстелі өтті. Іс- шараның мақсаты: Астана қаласының тарихымен, шежіресімен танысу, адамгершілікке, азаматтылыққа және патриотизмге қалыптасу. Шараға кітапхана оқырмандары, студенттер қатысты. Дөңгелек үстел барысында кітапханашылар екі тілде Елорданың тарихы, Астана неден басталғаны туралы мәліметтер айтты. Кітапхана оқырманы ғылыми қызметкер Бейсетаев Рысбек ағамызға сөз берілді. Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отырғаны туралы айтты. «Астана және Президент», «Әсем қала Астана», «Жастар қаласы Астана - еліміздің болашағы» деген ұсыныс сұрақтар талқыланды. «Астана ұлы дала Елордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

IMG 3428IMG 3439IMG 3451IMG 3456

Яндекс.Метрика