Ұлы Жеңіс мерекесіне орай № 15 кітапхана-филиалында № 58 орта мектеп оқушыларымен және «Жас ұлан» 5-сынып кадеттерімен бірлесе «Ұрпақтар жеңісті ұмытпайды» музыкалық-әдеби композициясы өткізілді. Шараға әр буын өкілдері шақырылды. Олардың арасында соғыс жылдарының қиыншлықтарын өткерген, жастығы мен балалық шағы сол жалынды жылдарда өткен, әкелері соғыстың жалынын шарпыған соғыстан кейін туған азаматтар болды. Шара жүргізушісі Ш.Жұмаділдина Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайында айтып өтті. Олардың арасында біздің жерлес ардагерлеріміз Ақыбаев Мағзұм және Машрапов Кабидолла да бар. Ардагерлеріміз шараға қонақ ретінде шақырылғанымен, денсаулықтарына байланысты қатыса алмады. Қатысушылар ардагерлеріміздің өмірбаяндарымен және жауынгерлік жолымен танысты. Шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, әндер орындады: «Саппен адымда», «Соғыс болмасын», «Жеңіс күні», «Майданнан хат». Қатысушылар назарына «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» әдебиеттер шолуы ұсынылды. Жылдар өткен сайын бейбітшілік жолындағы жауынгерлердің ерен ерлігі аса зор құрметпен ұлықталуда.