№ 1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалында «Жастар» АЖК-мен бірлесе отырып № 65 ЖББМ 8-9 сынып оқушыларына арнап «Әскер – еліміздің күші мен мақтанышы» ерлік сабағын өткізді.
Мақсаты: ҚР Қарулы күштері күні мерекесі жайында таныстырып, Қарулы күштер жайында білімдерін кеңейту, батырларға деген мақтанышын тәрбиелеу, әскерде қызмет көрсетуге деген сезімдерін ояту.
Шараға Республикалық ардагерлер және Қарағанды қаласы бойынша Тәжік-ауған шекарасында болған қақтығысқа қатысушылар кеңесі филиалының төрағасы Талғат Құсайынұлы Мусалиманов шақырылды. Ол тәжік-ауған шекарасында қазақстандық біріктірілген атқыштар батальонындағы өткізген қызметі жайында баяндады. 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта жүзге тарта қазақстандық әскери қызметкерлердің көз жұмған және бірталайы жарақат алғандығын айтты. Балалар ардагерді мұқият тыңдап, сұрақтар қойды: Сіз бала күніңізде кім болуды армандадыңыз? Шекарада, қақтығыстар ортасында қызмет ету қаншылықты ауыр? Қызмет барысында қандай қызықты оқиғалар болды? Қандай әскери марапаттарға ие болдыңыз?
Кітапханашы «Әскер – еліміздің күші мен мақтанышы» викторинасын өткізді және көрмедегі кітаптармен таныстырды. «Жастар» клубының спорт-нұсқаушысы К.Ж.Дарабаев және № 65 ОМ ұстазы М.Омаров жастар арасында дартс, армрестлинг және автоматты уақытқа шашып-жинау бойынша жарыстар өткізді. Жеңімпаздарға медальдар мен мақтау қағаздарын ұсынды. Шараның құрметті қонағы Т.Мусалиманов қатысушыларға зор денсаулық, оқуда сәттілік, ашық аспан тілеп жасөспірімдерді әскерде қызмет көрсетуге дайындалуға және спортпен шұғылдануға шақырды.