Жыл сайын әлем бойынша 7 сәуір күні әлемде Денсаулық күні атап өтіледі. Қазіргі кезде салауатты өмір салты уақыт талабы болғандықтан кітапхана жұмысының басты бағыттарының бірі. 6 сәуір күні №31 кітапхана-филиалы «Салауатты өмір салты – ұзақ жасау кілті» атты ашық көрме өткізді. Мақсаты: халықтың арасында өз денсаулығына дұрыс қарау қажеттілігін саналы түрде ұғындыруға ықпал ету, салауатты өмір салтын насихаттау. Көрмеде пайдаланушылар назарына салауатты өмір салтын сақтау дағдылары, дұрыс тамақтану , емдік дене шынықтыру ережелері, адамның гигиенасы мен экологиясы туралы құжаттар ұсынылды. Кітапхана оқырмандары дәстүрлі емес медицина туралы кітаптарға үлкен қызығушылық танытты. Мысалы, Алиев Х. «Өз денсаулығыңның кілті», Норбеков, М. «Мыстан кемпір аяғын қалай емдеді немесе әжеміздің кеңестері». Танымдық – ақпараттық мазмұндағы көрменің кітаптары қатысушылардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауға болмайтынын жайлы ой тастады.

IMG 3227 minIMG 3243 min 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика