28 наурыз күні №11 балалар кітапхана-филиалының оқу залында «АҚҚУ» балабақшасының ересектер тобымен  «Кітап патшалығына шақыру» атты  балалар кітабының вернисажы өтті. Шараның мақсаты: балаларды кітаптың, кітапхананың тарихымен таныстыру, ертегілер туралы білімдерін кеңейту, ертегілерден тәлім-тәрбие алуды үйрету, балаларды кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.  Дәстүрлі мерекені өткізу үшін кітапхананың барлық ресурстары пайдаланылды: кітап қоры, суреттер, ойындар, викториналар, сайыстар, материалдары, аудиоматериалдар. Мереке кітаптың құндылығы, оның шығу тарихы мен әр адамның өмірінен алатын орны туралы әңгімемен ашылды.   Балалар кітап жайлы көптеген мақал-мәтелдермен және әйгілі адамдардың кітап оқу туралы айтқан даналық сөздерімен танысты. Бүлдіршіндердің кітапқа қызығушылығын ояту үшін екінші бөлім ойын түрінде өткізілді. «Ойлан, тап!», «Авторды ата», «Кітап нені жақсы көреді?», «Жұмбақ калейдоскоп» атты сайыстар ұйымдастыру арқылы балалардың әдеби танымы, кітапты қорғау бойынша құқықтық білімдері анықталды.

Сайыстарға көрнекті балалар жазушыларының шығармаларына түсірілген мультфильмдердің көңілді әуендері пайдаланылды. Шараның қорытындысында оқуға «Кітап патшалығы» атты кітап көрмесінен кітаптары ұсынылды. Шараға 20 бала қатысты.   

20180328 110158 min20180328 111006 min20180328 111126 min

Яндекс.Метрика