№31 кітапхана-филиалында пайдаланушыларға «Президент бастамалары – азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың жаңа қадамы» атты таныстырылым – талқылау ұсынылды. Мақсаты: кітапхана оқырмандарын «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты ҚР Президенті Үндеуінің мазмұнымен таныстыру, мемлекет туралы білімдерін кеңейту. Шараны өткізу барысында презентация арқылы оқырмандарға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес бастамасы түсіндірілді. Бес бастаманың мазмұны әлеуметтік жаңғыруға бағытталған: үй алуға берілетін жаңа мүмкіндіктер, жалақысы төмен қызметкерлерге салынатын салық мөлшерін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді кеңейту және елімізде өңірлерге газ тартуды іске асыру. Оқырмандарға презентацияны таныстыру кезінде кітапхана меңгерушісі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің еліміздің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мемлекет құруға бағдарланып отырғанының тағы да бір дәлелі екенін атап өтті. Іс–шараны өткізу барысында Қазақстан халқының келешегіне асқан көрегендікпен нақты жол көрсетіп, еліміздің жедел дамуына кепілдік беретін қажетті шешімдер қабылдаған Президент бастамаларын қолдайтын оқырмандардың пікірлері тыңдалды.

5 min1 min2 min3 min

Яндекс.Метрика