16 ақпанда №4 кітапхана-филиалының кітапханашылары Қарағанды Теміржол колледжінде студенттермен «Латын әліпбиі- қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты өзекті сұхбат өткізді. Іс-шараның мақсаты: қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығын көрсету, жас ұрпақтың бойында патриоттық пен адамгершілік құндылықтарды құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға латын әліпбиі туралы, әліпбидің алғаш шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі кезеңдегі латын әліпбиінің қолданылуы және біздің елімізге қажеттілігі туралы әңгімеленді. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі коғам талабы, ағылшын тілін меңгерудің тиімді жолы және еліміздің дамыған демократиялық мемлекет болуға ұмтылуы екендігі жөнінде ақпарат берілді. Шараға «Байтұрсынов жазуы» атты кітап көрмесі ұсынылды.