1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай
📍 Майқұдық паркі мен Орталық саябақта кітапхана филиалдарының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар өтті!
📌 Майқұдық паркында:
№8, 22, 31 кітапхана-филиалдары,
№1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалы, №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана филиалы “Балалар күлкісі – әлемнің нұры!” атты ашық алаңда балаларға арналған түрлі ойындар, әдеби бұрыштар, викториналар мен шеберлік сабақтар ұйымдастырды.
📌 Орталық саябақта:
№7, 11, 14, 15, 27, 29 кітапхана-филиалдары және
№1, 11, 15 балаларға қызмет көрсету кітапхана филиалдары
кітап көрмелері, ұлттық ойындар (асық, тоғызқұмалақ), әдеби шаралар мен ертегі бұрыштары арқылы балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
📚 Балалар кітап әлеміне бір қадам жақындап, өз алғашқы оқырман билеттерін алды!
✨