2022 жылдың 27 желтоқсан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен Балалар жылы аясында "Мен оқуды ұнатамын" байқауының қорытындысын шығару және келешек жоспарларды талқылау, балалар мен жастарға қызмет көрсетуде жұмыстың жаңа форматтарын енгізу бойынша іс-шара өтті. Аталған іс-шараның спикерлері жастар ресурстық орталығының өкілі К.С.Мұқажанов, жастар кеңесінің өкілі О.Королева, "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының белсендісі Е.К.Ракишев, №16 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Е.Серова, сондай-ақ оқу-әдістемелік орталығының әдіскері С.Б.Рахметова, "Шырақ" тілдерді үйрену орталығының әдіскері С.Е.Нақысбай, оқырман-балалар мен жастар. Қатысқандарыңыз және қызықты ұсыныстарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамыз, одан әрі ынтымақтастықта болады деп үміттенеміз. Іс-шараның екінші бөлімінде "Мен оқуды ұнатамын" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Олар: ОКЖ үздік оқырманы — Искакова Малика, диплом және 15000 теңге сомасына сертификатпен марапатталды; 1 орын — Токен Жакия, диплом және 10000 теңге сомасына сертификатпен марапатталды; 2 орын — Болат Дария, диплом және 5000 теңге сомасына сертификатпен марапатталды; 3 орын — Бек-Али Зарина, дипломмен, М.О.Әуезовтің "Көксерек" кітабымен және 3000 сомаға сертификатпен марапатталды. Instagram-да дауыс беру нәтижелері бойынша Көрермендер көзайымы сыйлығын Алпысов Жарас алды, диплом және кітаппен марапатталды.
Шара соңында кітапханалық кеңес құру туралы ұсыныс жасалып, барлық шақырылған спикерлер кеңес құрамына енгізіледі деген шешім қабылданды.