М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада кітапхана ісінің ардагері Г. Г. Маркитанмен жас кітапханашылармен кездесуі өтті, Г.Григорьевна 40 жыл №7 кітапхана-филиалының меңгерушісі болып жұмыс істеп, қазіргі уақытта құрметті демалыста. Кездесуде Галина Григорьевна жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жастарды таңдаған мамандығына адал болуға шақырды және өткен заманда да, қазіргі уақытта да, болашақта да кітапханашылар ақпарат мұхитындағы ең үздік маман ретінде және халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушылары болатынына сенім білдірді.
Кездесудің модераторы әдіскер Т.В.Миллер "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ ұжымы атынан Г.Г.Маркитанға, сондай-ақ кітапхана ісінің барлық ардагерлеріне денсаулық тілеп, көп жылғы еңбегі мен кітапхана ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді.