Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды қаласы әкімінің жыл сайынғы сыйлығы табыс етілді. "Үздік кітапханашы" номинациясында №29 кітапхана – филиалының меңгерушісі Исакова Салтанат Тұрарқызы лауреат атанды. Қарағанды қаласының ОКЖ ақпараттық-библиографиялық бөлімінің кітапханашысы Тойбекова Арайлым Нұржанқызы Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
"Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ ұжымы сыйлық және құрмет грамота иелерін құттықтап, шығармашылық табыс тілейді, ал барлық әріптестерді келе жатқан Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтайды!