09.02.2022ж. "Қарағанды қаласының ОҚЖ" КММ М.О.Әуезов атындағы кітапханада қала күні мерекесіне орай Людмила Евгеньевна Мельниковамен «Тебя воспеть хочу я, мой край родной!» тақырыбында шығармашылық кездесу ұйымдастырылды. Шара тікелей эфирде өткізілді. Шараға Қарағанды қаласы, Камалиев Тілеубек жетекшілік ететін Қазыбек би атындағы аудандық ардагерлер кеңесі, қаланың дамуына үлкен үлес қосқан әр саланың ардагерлері қатысты. Шарада екі буын: ардагерлер мен балалар, Қарағанды қаласындағы №87 орта мектептің оқушылары, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері кездесті. Шара аясында көрермендер Л.Е.Мельникованың музыкалық шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар кеш қонақтарын Л.Е.Мельникова жаңа ән жинағымен таныстырды. Ардагерлер Қарағанды туралы естеліктерімен бөлісіп, өлеңдерін оқыды. Мектеп оқушылары қала күніне орай әдеби композиция дайындап, Л.Е.Мельниковаға еңбектері туралы сұрақтар қойды. Кездесуде Л.Е.Мельникованың әндерін Тойшыбекова Лунара, Махина София орындады.