19 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада  Қазақстан Республика-сының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға «6505» әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Іс шараның мақсаты: ҚР Президенті Жолдауының маңыздылығы мен халыққа жүктелген он міндеттің мәнін түсіндіру, Отанды сүюге, өз Отанының тағдырына, оның өткені, бүгіні және болашағына  бей-жай қарамау сияқты адамгершілік құндылықты түсінуге тәрбиелеу. Елбасының 2018 жылға жариялаған Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның жүйелі даму шараларының нақты бағдарламасы ретінде белгіленіп берілген он міндетімен және  Қазақстанның саяси сарапшыларының ойларымен таныстырылды. Әңгіме барысында «Жолдау және жастар» тақырыбына баса назар аударылды. Жастарға «Бұл Жолдаудан қандай жаңашылдық пен маңызды міндеттерді талдап айта аласыздар? ҚР Президентінің Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда жастардың рөлі қандай?»  деген сұрақтарды талдау ұсынылып, пікірталас жүргізілді.

Жолдаудың басымдықтарымен слайд-презентация арқылы таныстырылды және «Төртінші    өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

DSC 0049 minDSC 0184 minDSC 0189 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика