Қарағанды қ.аласының мәдениет, тілдерді дамыту,

дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ

 «Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Қарағанды қаласының ОКЖ» КММ-нің 2021 жылғы жұмысын қорытындылау және болашаққа перспективалар» атты семинар-кеңес туралы

Ақпарат

«Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің «Қарағанды қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ бастамасы бойынша №16 кітапхана-филиалында «Қарағанды қаласының ОКЖ» КММ-нің 2021 жылғы жұмысын қорытындылау және болашаққа перспективалар» атты көшпелі семинар-кеңес өткізілді. Семинарға «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы Б.С. Нұртаева, Қазыбек би атындағы ауданның партия төрағасының бірінші орынбасары А. Х. Бектурова, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ЖШҚ КҚ төрайымы А.Т.Усерова және жүйенің 27 маманы қатысты, қалған кітапханашылар Zoom режимінде қатысты. Семинар «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Г.К.Ахметкаримованың алғы сөзімен ашылды, содан кейін кадр бөлімінің инспекторы Г.Ж.Рахимжанованың «Кадрлармен проблемаларды шешу жолдары», әдістеме бөлімінің меңгерушісі С.Е.Кейкина сөз сөйледі.

«Кітапхана диорамасы: 2021 жылғы жұмыс қорытындысы», кәсіподақ төрағасы Т.В.Миллер «2021 жылы ОКЖ бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы». №11 филиал меңгерушісі А.А.Идирисова, №14 филиал меңгерушісі З.Т.Қалиева жастарға арналған әдеби клубтың және қарт оқырмандарға арналған «Ретро» клубының жұмысы туралы айтып берді, №4 филиал кітапханасының меңгерушісі Д.М.Ақпанбек Ментальді карта жасау бойынша инновациялық жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ кеңесте кітапханаларды жабдықтау, кадрлық ресурс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ағымдағы жөндеу мәселелері талқыланды, 2022 жылға негізгі міндеттер белгіленді.

ОКЖ кітапхана қызметін қорытындылағаннан кейін жүйенің үздік қызметкерлері марапатталды. «Қарағанды қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ атынан 10 кітапханашы, Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Х. Бектуровадан 4 кітапханашы, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ЖШҚ КҚ төрағасы А.Т.Усерова «Еңбек даңқы» төсбелгісін М. Е. Жакуповаға, 6 кітапханашыға алғыс хаттар табыс етті.

001  002  003

Яндекс.Метрика