2021 жылғы 8 қазанда Қарағанды қаласындағы КММ «ОКЖ»-нің 16 филиалының қызметкерлері Instagram платформасында оқырмандар мен жазылушыларға «Менің құқықтарым» виртуалды жадынамасын ұсынды. Бұл жадынамада баланың құқықтары мен міндеттері сипатталған.
Әрбір бала сөз бостандығына және өз пікірін білдіруге, ар-ождан бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігін дамытуға, өзінің жасына сәйкес ақпарат алуға және таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың басқа формаларында және бейбіт кездесулерге қатысуға құқылы.