Әуезов әлемі - жастар көзімен

Жәлел ШАЛҚАР

"Ortalyq Qazaqstan"

Қарағанды қаласының мәдениет тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен «Өлке тұлғалары» кітапха- налық тележобасы аясын- да қалалық орталықтан- дырылған кітапханалар жүйесі офлайн және ZOOM платформасында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар ӘУЕЗОВТІҢ туған күні- не орай «Әлем таныған Әуезов» атты ғылыми конференция өткізді. Онда жазушы шығар- машылығын зерттеуге арналған жас ғалымдар арасындағы республика- лық байқаудың қорытын- дысы шығарылды. Республикалық байқауға Қостанай, Жезқазған, Семей, Қарағанды қалаларының жас ғалымдары қатысқанын атап айтқан жөн. Демеушісі – Білім меценаты, «АЛТЫН ЖҮРЕК» ұлттық сыйлығының және ҚХА «Бірлік» алтын медалінің иегері Бекзат Алтынбеков. Мақсаты – Мұхтар Әуезов тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі бойынша шығармаларын ғылыми-зерттеулерін халыққа кеңінен насихаттап, конфе- ренция нәтижесін оқырманға жеткізу. Алғашқы құттықтау сөзді Қарағанды қаласының мәде- ниет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Баян Нұртаева алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференция басын- да ZOOM платформасында Алматы қаласында қатар өткізілген М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институ- ты ұйымдас тырған «Әуезов оқулары» атты жас ғалымдар- дың ХVІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясына қосылып, Бекзат Қомарұлы тілек біл- дірді. Ғылыми конференцияға өтініш білдірген 18 бен 35 жас аралығындағы 20-ға жуық ғылыми жұмыстар қаралып, 6 қатысушы іріктеп алынып, үздік шыққан үшеуіне жүлде берілді. Аймақтың белгілі әдеби- еттанушы ғалымдары мен жоғары оқу орындарының білікті оқытушылары байқау- ға қазылық жасап, алдын ала іріктеу арқылы үздіктерді анықтады. Сонымен қатар, шарада тұщымды баянда- маларын жұрт назарына ұсынды.

   Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педаго- гикалық колледж директоры Шағангүл Жанаева да өз баяндамасын оқыды. Қатысушылардың бар- лығына Алғыс хат пен «Арқа батырлары» кітабы табыстал- ды. III орынның 60 мың теңге сертификатын «Bolashaq» Академиясы» IV курс студенті Асыл Төребаева иеленсе, II орынның 70 мың теңгесін Е.Бөкетов атындағы Қараған- ды университетінің II курс магистранты Айгерім Бол- кенбаева қанжығалады. Ал, I орынды Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педаго- гикалық колледжінің IV курс студенті Диляра Мавленова жеңіп алды. Конференция соңында кітапхана директоры Гүлжан Әбдікәрімова сөз сөйлеп, қатысушылар мен қонақтарға алғыс айтты. Бұған дейін Бекзат Қомарұлының демеушілігі һәм кітапхананың Өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айткүл Төлеуханқызының ұйымдас- тыруымен Бағдат Мүбәрактың жырларын жатқа оқудан, Серік Сағынтай шығармалары негізінде эссе жазудан және Қасым Аманжолов атындағы мүшәйра өткен еді. Бұл бай- қау да сол шаралардың заңды жалғасы. Осы бастама аясында алдағы уақытта ақын Мирас Асан мен Жадыра Байбұла- нованың шығармашылығы насихатталмақ.

auezov lib krg 243405948 652057626182248 6625840646353405630 nwebp

 

Яндекс.Метрика