Құрметті оқырмандар назарларыңызға Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай "Ата Заңымыздың тарихы" атты бейне-шолуды ұсынамыз.
Мақсаты: Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жайлы түсіндіре отырып, құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды. Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.#Конституциялыққұқық#ҚРзаңы
#Қазақстанреспубликасы
#Конституция26жыл#Атазаң#реформа#фил11мас.