«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту,

дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ

Ақпарат

 2021 жылы 16 сәуірде кітапханашылардың біліктілігін арттыру бойынша «Профи» жобасы аясында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметкерлері арасында Шығыс Қазақстан облысының А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК директоры Б.Ж. Шагиевамен онлайн - кездесу өткізілді.
 Іс-шара басында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Г.К.Ахметкаримоваға сөз беріліп, ол Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі туралы аздаған ақпараттар берді. Бибігүл Жамбылқызы өз сөзінде ересектермен, жастармен және балалармен жұмыс жасаудың, жеке тұлғаны және оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызатын тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2 кітапхананың оқырмандары үшін бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды, Қарағанды қаласының кітапхана қызметкерлеріне медиа сауаттылық бойынша тренинг және Қарағанды қаласының ОКЖ кітапханаларының жұмыс тәжірибесімен танысу семинары өткізілді.

" width="560" height="315" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen">

Яндекс.Метрика