«Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.
2021 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.
Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тізімін ұсынамыз. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар оқырман жүрегінен орын табады деген сенімдеміз.