"Вирусқа қарсы алдын-алу шаралары"
"Салауатты өмір салты" бағдарламасы шеңберінде 28.10. №27 филиалдың кітапханашылары Zoom платформасында "Вирусқа қарсы алдын-алу шаралары" атты кездесу ұйымдастырды. Іс-шараны №1 емхана директорының Халыққа қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Ольга Игнатьевна Ермакова өткізді. Ол коронавирустық инфекция белгілеріне күдік туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы , осы аурудың алдын-алу жайлы: маска кию, қашықтықты сақтау, қолды жуу, жаппай жиналатын орындарды шектеу және т. б. шаралар туралы айтты.
Мақсаты: короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу.