Ақпарат
2020 жылдың 9 қазан күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың кітапханашыларымен Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге «Мейірімділік – әлемді құтқарады» атты мүгедектер күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Мүгедектер, олардың түрлері, әлеуметтік жай – күйі туралы тану. Мүгедек жандардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен мүгедектерге көмек көрсету және оларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Дөңгелек үстел барысында мүгедек жандармен тыныс алу жаттығуларын жасау арқылы олардың тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартсақ, саусақ жаттығуларын жасап мүгедек жандардың есте сақтау мен назар аудару қабілеттерін дамыттық, сонымен қоса мүгедек жандардың ойлау бейімін қалыптастырып дамытуға, қиялдарын ұштауға, тапқырлыққа жетелеуге, қызығушылықтарын арттыру мақсатында логикалық ойындар өткізілінді.