Біз жаңа әліпбиге латын жазуын пайдаланатын дамыған елдерге жақындай түсу мақсатында көшіп жатырмыз. Соның ішінде ғылым мен білімнің, техника мен технологияның, компьютердің тілі болып отырған ағылшын тіліне, ағылшынтілді әлемге жақындауды көздеп отырғанымыз белгілі. Ендеше латын әліпбиіне көшу дегенді біз бір таңбаны алып тастап, орнына басқа таңба қоя салу деп түсінбеуіміз керек. Біздің мақсат – қазақ тілінің жазу заңдылықтарын, өзімізге де, өзгеге де жақсы танымал ағылшын тіліне, оның емле ережелеріне барынша жақындату. Сондықтан бұл нұсқаны жасау барысында біз тек ағылшын тілінде қолданылатын, бәрі білетін, оқи алатын диграфтарды және ағылшын тілінің кейбір оқылу заңдылықтарын алып отырмыз

Яндекс.Метрика