«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты

2019 жылдың 18 қыркүйек күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы және  №22 мен №5 балаларға қызмет көрсету филиалының қызметкерлері латін әліпбиі бойынша сабақ өткізді.

          2019 жылдың 18 қыркүйек күні М.О.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде латін қаріпі бойынша әдістемелік бөлімінің қызметкері А.Ж Қалышбекова «Латынша оқуға дағдылану» атты түсіндірме сағатын өткізді. Атаулы шара барысында көптеген әріптерге толқталып , кірме сөздердің емлесі мен қос сөздердің жазылуы жайлы түсіндіріліп, мысалдар келтірілді. №5 балаларға қызмет көрсету филиалында А.Балдаева арнайы оқырмандарымыздың сұраныстары бойынша  «Қош келдің, латын әліпбиі» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа №12 орта мектебінің  9 «А» сынып оқушылары ат салысты. Ең алдымен оқырмандарымыз  ҚР Тұңғыш Елбасысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруіміз, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігі жайлы ақпараттармен таныстырылды. Сондай – ақ оқырмандар латын қаріпінде оқуды және жазуды үйренді. №22 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері П.Өртенхан Латын қарпін үйрету бойынша  ақпараттық сағатын жүргізді. Сабақтың тақырыбы  «Бөлек жазылатын сөздер емлесі».  Іс-шара барысында күрделі сан есімдердің әрбір сыңары бөлек  жазылатыны жөнінде түсіндіріліп, бірнеше мысалдар келтірілді. Аталмыш сабаққа №8, №22 кітапханашылары мен №22 кітапхана оқырмандары қатысты. 

2019 09 18 11 08 32 592   IMG 20190918 WA0039   P90904 154542

Яндекс.Метрика