«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізген мәдени шаралар ақпараты
2019 жылдың 12 қыркүйек күні №82 орта мектеп қабырғасында № 8 кітапхана филиалының қызметкерлері отбасы құндылығын дәріптеу мақсатында «Отбасы – Отанымыздың ошағы» атты танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағат барысында кітапханашылар мерекенің пайда болу тарихы, отбасының қоғамдағы және адам үшін рөлі туралы әңгімеледі. Іс-шара соңында балалар отбасы туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді еске алып, олар үшін "отбасы" деген сөз нені білдіреді, отбасының маңыздылығы, отбасы қандай екені, өз отбасыларындағы дәстүрлер мен өзара қарым-қатынастар туралы өз пікірлерін айтты. Іс-шара отбасы, махаббат, мейірімділік туралы өлеңдер оқумен аяқталды. «Отбасы – Отанымыздың ошағы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
2019 жылдың 12 қыркүйек күні №22 кітапхана филиалында «Кітап даналығы отбасын біріктіреді» отбасы тақырыбын жалғастыру мақсатында әдеби вояж өткізілді. Шараның мақсаты: жас ұрпаққа отбасының құндылығын айта отырып, елімізге, жерімізге деген ұлтжандылыққа баулу. Сонымен қатар келген оқырмандарға кітап көрмесі мен көптеген қызықты басылымдар ұсынылды.