Қазақстандағы Жастар жылы аясында «Бізді кітап біріктірсін» атты foresight-акция

Қазақстандағы Жастар жылы аясында №4, №23, балаларға қызмет көрсету №5 кітапхана-филиалдарының қызметкерлері «Бізді кітап біріктірсін» атты foresight-акциясын өткізді. Акцияға №22 мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты жастар арасында оқуды насихаттау, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту, кітапты насихаттау, әлемдік және отандық әдебиеттің үздік үлгілерін жарнамалау. «Бізді кітап біріктірсін» foresight-акциясы ашық ауада және жаңа форматта өткізілді. «Оқитын аллея» үш алаңға бөлінді: «Біз нені оқысақ солмыз!» сұхбат алаңы, «Классиктерден замандастарға» әдеби қиылыс алаңы және «БиблиоДеТвоРа» арт-алаңы. «Біз нені оқысақ солмыз!» сұхбат алаңында өте маңызды мәселелер шешіліп, «нені оқимыз», «қалай оқу керек», «оқуды қалай жандандыруға болады» деген сұрақтарға жауап ізделінді. Акцияға қатысушылар кітап оқу туралы, сүйікті ақындар мен жазушылар туралы, кітапхана және оның ақпараттық мүмкіндіктері туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. «Классиктерден замандастарға» әдеби қиылыс алаңында «Оқырман талғамының талы» атты экспресс-сауалнамасына қатысуға мүмкіндік берілді. Ондаағашқа өздері оқитын белгілі бір әдебиет жанырын бейнелейтін түсті лентаны байлау керек болды. Мысалы, фантастика-жасыл, көркем әдебиет-қызыл, детективтер-көк. Оқырман талғамының натижесі мәңгілік адами құндылықтарға, мәдениет пен моральға негізделген классикалық әдебиет танымал жанр болып табылғаны қуантпай қоймады. "БиблиоДеТвоРа" арт-алаңында ертегі кейіпкері - Незнайка балалар ойындарын, конкурстарды, викториналарды өткізіп, жаңа кітаптармен таныстырды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар foresight-акцияны қорытындылаған флешмобқа қатысты. Акция қатысушыларына Жастар жылының логотипі бар жарнамалық парақшалар, визиткалар, кітапхананың жұмыс тәртібі, жазғы уақытта жоспарланған көпшілік іс-шаралар туралы ақпарат жазылған флаерлер таратылды.

IMG 20190515 WA0088   IMG 20190515 WA0102   IMG 20190515 WA0108

Яндекс.Метрика