«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
өткізген мәдени іс-шаралар туралы ақпарат
14 мамыр күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында жастарды отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Біздің тату отбасымыз» атты журфикс өткізілді. Іс-шараға №30 ЖОМ 7 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы балаларға отбасы жеке адамның бойындағы адамгершілік, басқа адамдармен қарым-қатынас, мәдениеттілікті тәрбиелеуде алғашқы қадам екенін атап өтті, «Отбасы-ойлар мен істер бірлігі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Балалар іс-шарада өткізілген «Мақал жай сөз емес», «Мен саған кім?» атты конкурстарға, «Отбасы туралы жаттықтыру ертегілері» атты викторинаға белсене қатысты.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2019 жылдың 15 мамыр күні Орталық қалалық кітапханада қызметкерлердің арасында латын негізді әліпбиінде жазып дағдылануға арналған курсқа қатысып, сертификат алған өлкетану бөлімінің меңгерушісінің м.а. Ғабдолла Таңшолпан Ғабдоллақызы «Жаңа әліпби» бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізді. Дағдыландыру жұмыстары барысында кірме сөздердің латын қаріпінде жазылуы мен оқылуы туралы ақпараттар беріліп, тәжірибелік жұмыстар өтті.
15 мамыр күні №8 кітапхана-филиалында оқушыларды ақын І.Жансүгіровтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Мен ақын болып туғанмын» атты әдеби шығармаларымен танысу өтті. Шараға №13 ЖОМ 4 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы І.Жансүгіровтың өмірбаянына қысқаша тоқтап, көрмедегі кітаптармен таныстырды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, шығармалары туралы өз ойларын ортаға салды.