Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде
өткізілген мәдени шаралар ақпараты
3 сәуір күні №8 кітапхана филиалы №13 ЖББОМ-тің кітапхана қабырғасында 5 сынып оқушыларымен Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған «Денсаулық – ел байлығы» атты қызықты хабарлар сағаты өтті. Мәдени іс-шараның мақсаты оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру, тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Шара барысында оқушыларға салауатты өмір салты, жеке бас гигиенасын сақтау, қоршаған ортаның тазалығы туралы және зиянды дағдыларға әуестенбеу жайында ақпарат берілді. Оқушылар күнделікті күн тәртіптерімен бөлісіп, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтты. Кітапханашы «Денсаулық - зор байлық» атты бейне слайдпен оқушыларды таныстырды. Шара соңында жас оқырмандар «Бақытым да, байлығым да – денсаулық» атты кітап көрмесімен танысты.