«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты.

8 ақпанда Қарағанды қаласының 85-жылдығын тойлау аясында КММ «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» №29 кітапхана-филилалында «Біздің Отанымыз-шексіз дала, бесігіміз-Қарағанды» атты кеш ұйымдастырылды. Кешке ақын композитор, «Пою тебя, Караганда» конкурсының лауреаты Воробьева Ирина Анатольевна қатысты. Кеште ақын өз өлеңдерін оқып, кітапхана қорына  өлеңдер жинағын сыйға тартты.  Кітапхана оқырмандары: әскери дәрігер Семыкин В.И., КЛМЗ инженер-механиг Аймышев Ж.М., мұғалім Высоцкая Л.А. жас кездерін еске алып қала өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Жастарға ойын-викторина өткізілді. Шара соңында кітапханашылар мерекелік кешке арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен  таныстырды.

IMG 20190208 WA0056

IMG 20190208 WA0025

Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың Қарағанды туралы әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру, өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында 10 ақпан күні «Таир» сауда орталығында  М.О.Әуезов атындығы Орталық қалалық кітапхана  қызметкерлері «Қарағанды қаласының мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен  Қарағанды қаласының 85-жылдық мерейтойына арналған мерекелік «Кітап fest»  өткізді. Іс шараға арнайы шақырылған №2 өнер мектебі оқушылары, ҚарМТУ 2 курс студенттері, сонымен қатар Қарағанды жастары өз үлестерін қосып, өнерлерін көрсетті. Оразалин Данилдын орындауында «Фламинго», Назым-Хикмат Аяулымның орындауында күй «Тепен көк» көрермендер назарына ұсынылды.   Іс-шара барысында қаланың 85- жылдық мерейтойы аясында «Қалам менің –менің тағдырым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сонымен қатар Қарағанды қаласының тұрғындары ашық микрофонға өз тілектерін айтып, тақпақтарын оқып берді. Іс-шараны «Сарыарқа» телеарнасында  көрсетті.

1

Oкушыларды Қарағанды қаласының тарихымен таныстырып, жастарды патриоттық сезімге және туған жеріне деген сүйіспеншілікке тарбиелеу максатында №7 кiтапхана филиалында, 8 ақпанда «Дала жиегiндегы кок калам» атты  Қарағанды қаласының 85 жылдығына арналған  тарихи кеш өтті. Мерекелік кешке Қар.МУ-дің шет тілдер кафедрасының доценті, ақын Ходжаева Фарида Бадаловна қатысты. Мәдени іс-шараға «Қарағандыға ертегілік саяхат» атты презентация ұйымдастырылды.

2b823ff6 e6e9 4fe1 93a1 61a6fa3a707a

Қарағанды қаласының 85 жылдығы шеңберінде "Гүлдене бер, сүйікті қалам" атты мерекелік кеш №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалында өтті. Шараға соғыс және еңбек ардагерлерінің халықтық хоры "Вдохновение", "Молодежный" МҮ әдіскері Р.Р. Ағайдарова, "Қарағанды агротехникалық колледжі" студенттері, оқытушы Ковалева Елена Федоровна, кітапхананың тұрақты оқырманы Кучеренко Римма Николаевна қатысты. Мерекелік іс-шараның басты мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған қаласын құрметтеп, мақтан тұтуға баулу. Іс-шараның бірінші бөлімінде  студенттер Қарағанды қаласының тарихымен танысты. Ал екінші бөлімінде «Тас көмірді ашу», «Шахтерка Лиза»  көріністерін тамашалады, одан әрі өз бағдарламасымен соғыс және еңбек ардагерлерінің «Вдохновение»  халық хоры әнмен жалғастырды. Студент жастар ойын-викторинасына қатысып өздерінің өлке туралы білімдерін көрсетті. Және кітапхананың тұрақты оқырманы  Кучеренко Римма Николаевна өз отбасының өмірдегі қиын кезеңдерін еске алып, барлық қазақтарға қонақжайлығы мен қамқорлығы үшін алғыс айтты. Кеш соңында кітапханашылар «Көмірлі мекен Қарағанды» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

фил 2 юн фото 1

Яндекс.Метрика