«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізген мәдени шаралар ақпараты.
22 қаңтарда Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында ЖОБ №43 мектептің 3 сынып оқушыларына балалар жазушысы Аркадий Петрович Гайдардың туғанына 115 жыл толуына орай «Ержүрек және батыл балалар топтары» атты кітапIQ викторинасы өткізілді. Мәдени шараның басты мақсаты жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, А.П. Гайдардың әдеби мұрасы арқылы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Іс – шара барысында интерактивті пазл «Повесттегі батырлар», «Оқиғалармен адамдар» IQ викторинасы, «15 повестегі 15 батырлардың есімдері» атты викториналар өткізілді. «Жазушы. Жауынгер. Тәрбиеші» атты кешке арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде жазушының өмірбаяны бойынша кітаптар және оның шығармалары орын алды. Кітапханашылар осы көрме алдында балаларды таңдаулы кітаптармен таныстырып, әңгіме-талқылау өткізді. Әңгіме соңында оқырмандар жазушының көрмедегі «Горячий камень», «Р.В.С.», «Чук и Гек», «Тимур және оның командасы» атты кітаптарын оқуға алды. Іс – шара соныңда викторина сұрақтарына белсене жауап берген топ дипломмен марапатталды.
22 қаңтар күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалының оқу залында 3-4 сынып оқушыларымен адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында, жазушының шығармашылығымен таныстыру үшін «Он сочинял свои рассказы как бесконечную игру» атты А.П.Гайдардың туғанына 115-жыл толуына орай ойын-викторина өткізілді. Шара барысында балалар Гайдардың ерлікке толы өмірімен және оның шығармаларына түсірілген фильмдерден видео-роликтер тамашалады. Автордың «Чук и Гек» шығармасы бойынша сұрақ-жауаптарға белсене жауап берді. Кітапхнашымен бірге балалар автордың ерлік жайында жазылған шығармаларын оқып өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін және егде жастағы адамдарға деген ілтипаттарын жеткізді.
22 қаңтарда №4 кітапхана-филиалында жалпы оқырман қауымына арналған «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ұмтылу жолында» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты: әлемдегі елдердің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық жетекші рейтингі «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» (ЖБҚИ / АІЖК) қашан, не үшін құрылғанын түсіндіріп өту, Дүниежүзілік экономикалық форумның нені зерттейтінін айту, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын 12 бақылау көрсеткіштері туралы айту, инновациялық даму және адами капитал, жаңа технологияларды, идеялар мен тәсілдерді пайдалану, өндірісті жаңғырту және әртараптандыру сияқты басты факторлар есебінен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін көрсету, Қазақстанның бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіндегі позициясын көрсету. Кітап көрмесінде оқырмандардың назарына экономиканы мемлекеттік реттеу, инновациялық экономика, Туризм экономикасы, макроэкономикалық тұрақтылық және тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі туралы әдебиеттер ұсынылды