Сыйластыққа, отбасы адамдарының бір -бірін жақсы көруі туралы және олардың бір-біріне деген қамқорлығын қалыптастыру,    балаларды  отбасылық салт-дәстүрді, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілік  қасиеттерді үйретуге тәрбиелеу мақсатында 7 қыркүйек күні "АҚҚУ" балабақша тәрбиеленушілері үшін «Отағасы отбасы ортасында» атты ҚР отбасы күніне арналған ертеңгілігі өтті. Шара барысында «Отбасы мүшелері», «Қошеметіңіз» ойындары ойнатылды. Балалар «Ана», «Отбасы» туралы өлеңдер оқып, ән салды. Жас оқырмандар назарына «Отбасы басты құндылық» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Даналық отбасын біріктіре алатын кітап» атты кітаптар көрмесіне шолу жасалды.

дс1 дс2

Яндекс.Метрика