2024 жылдың 19 сәуір күні Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ, "Меридиан" туристік фирмасы және «Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ-ның қолдауымен жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша №2 кітапхана-филиалымен бірге №42 мектеп оқушыларына қаланың 90 жылдығы аясындағы екінші экскурсия өтті.
Экскурсия барысында оқу мен әдебиетті насихаттау жүргізілді. Балалар маршрут аясында шығармалармен танысты.
Қазақстан дәстүрлерін білуге арналған ойындар, флэшмоб, викториналар өткізілді.


