№11 кітапхана-филиалында «Жас қалам» жастар шығармашылық клубы ашылды.

   «Жас қалам» клубының басты мақсаты – кітапхана оқырмандары арасынан шығармашылыққа (өлең, әңгіме, эссе және басқа да әдеби шығармалар жазуға) бейім жастардың басын біріктіре отырып белгілі ақын-жазушылармен кездесулер, әдеби-сазды кештер өткізу арқылы шығармашылық орта қалыптастыру. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жас қаламгерлердің туындыларын жариялауға ықпал ету.

   2021 жылы 9 ақпанында, кітапхана жанынан «Жас қалам» шығармашылық клубы құрылған болатын.

   Клубтың мүшелері –   Ә.Серікбол, А.Жанайдар, Т.Е.Камиспаев, Қ.Толқынбек, Ш.Ағымбаев, С.Абдиева, А.Қанатқызы т.б.

  Клуб мүшелері кітапханада өткізілетін барлық әдеби шараларға ат салысып келеді. Аталмыш клубтың мұрындық болуымен кітапханада көптеген әдеби шаралар өткізіледі. Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған ақтаңгер жазушылар мен аймаңдай ақындардың мерейтойларын атап өту, жергілікті қаламгерлердің жарық көрген кітаптарының тұсаукесер рәсімдерін өткізу, әртүрлі тақырыптық сайыстар мен мерекелік кештер – мұның барлығы «Жас қалам» дәстүрлі түрде ұйымдастыратын іс-шараларының қатарында.

 

   «Жас қалам» шығармашылық клубының 2021 жылға арналған

жұмыс жоспары

 

Ақпан

«Өлең сөздің даңылы – Жамбыл ата»

(Ақын Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына  орай әдеби кеш)

«Мәңгілік жыр ғұмыр»

(Ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай поэзия кеші)

 

Наурыз

«Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы»

(22 наурыз - Наурыз мерекесіне арналған фольклор сағаты)

 

Сәуір

15 сәуір - Қозы Көрпеш  пен Баян сұлу күні

(Ағымбаев Шахимардан ақын Саят Әбеновтың «Ғашық болғым келмейді» өлеңі )

 

Мамыр

 Толымбек Қазбек« Мен елімнің патриотымын» Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық челенджіне қатысты

 

«Ерліктің шынары, ұрпақтың жыр әні»

/Ұлы Жеңіс күніне арналған ерлік сағаты)

 

Маусым

«Ей, тәкәппар, дүние! Маған да бір қарашы»

(Қазақ поэзиясының алыбы Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай жыр мүшайрасына Әсемгүл Серікбол қатысты)

 

Қыркүйек

«Тіл – бірліктің құдіреті»

(ҚР Тілдер күніне арналған әдеби композиция)

 

Қазан

«Тұрарсың ғасырлармен қатар, Қасым!»

(Қ.Аманжолов -110 жыл поэзия кеші)

 

Желтоқсан

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері ақын Асан Мирас Болатұлы

мен Байбұланова Жадыра  Төкенқызының шығармашылығына арналған

«Егіз лебіз» атты қалалық байқауға Е.Бөкетов ат.ҚАРУ филология

факультетінің 1 курс студенті, кітапханамыздың оқырманы

Камиспаев Тилеужан Ерканатұлы қатысты

 

«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»

(ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тарихи кеш)

 

 

Яндекс.Метрика