Archived Articles

                                                                                                                                                                 

«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында ақын, сазгер, журналист Сәтибеков Дәулет Ырысбайұлына арналған «Сұңғыла ойдың шырағын жаққан ақын...» атты еске алу кеші өтті. Кешке академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесу кештің спикерлері ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің профессоры, Қойлыбай Дәулетқанұлы Асанов, ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры Жанат Жаңқашұлы, ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Ерқанат Кеңесбекұлы, Д.Ырысбайұлының ұрпақтары, журналист, филолог, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Әлімжан Құтжан қатысты. Тағлымы мол шарада өзінің қысқа ғана ғұмырында көптеген өлеңдер жазып кеткен Дәулет Ырысбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайында қаламдас-достары ақынның шығармашылығымен, өмір жолы жайында естеліктерімен бөлісті. Еске алу кешінде Д.Ырысбайұлының ұрпақтары шығармашылығынан үзінділер оқыды, №6 ЖББМ 10-сынып оқушысы Токашев Абылай Дәулет Ырысбайұлының «Қарағанды вальсі» әнін орындады.

424868408 959827429146401 5846470571610454295 n     424916280 959827552479722 7177138116376558139 n

  1. Соңғы жаңалықтар
  2. Бейне жаңалықтар

«Оқудың ерекше тәсілд…

15-08-2024 Hits:222 Uncategorised Altin - avatar Altin

14 шілде күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде жазғы оқу бағдарламасы аясында «Ресурс» түзету - дамыту орталығы үшін «Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі өтті. Іс - шара барысында ұлдар мен...

Ары қарай оқу

«Абай әндері қалықтас…

15-08-2024 Hits:248 Uncategorised Altin - avatar Altin

Абай мұрасы - адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары деп білеміз. Абай тағылымы арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет рухани мұраларды сіңіру, жастарымыздың бойына ізгіліктің...

Ары қарай оқу

Балалар жазушысы Жақа…

26-07-2024 Hits:335 Uncategorised Altin - avatar Altin

25 шілде күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Киіз үйдегі кітапханада» «Чипси мен шибауырсақ» кітабының...

Ары қарай оқу

 

 

 

 

Яндекс.Метрика