Archived Articles

                                                                                                                                                                 

«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында ҚР құрметті спорт қайраткері, Облыстық мәслихат депутаты, «Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі» КММ басшысы Ерден Балтабайұлы Халилинмен «Аманат арқалаған азамат» атты кездесу кеш өтті. Кездесу кешіне еркін күрестен спорт шебері, қазақ күресінің бапкері, ұлттық дәрежедегі қазақ күресінен төрешісі Оспанов Серік Төлеуұлы, ардагер ұстаз Аққожин Сағынтай Жұмажанұлы, «Екі Мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің оқушылары, Қазақстан Республикасы ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің сарбаздары, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері қатысты. Кездесуде Ерден Балтабайұлы өзінің өмір жолында тұлға болып қалыптасуындағы спорттың орны жөнінде айтып, қоғамдық қызметі, өмірдегі жетістіктерімен бөлісті. Сонымен бірге спикер бүгінгі қазақстандық спорттың деңгейі, ондағы қарағандылық жас спортшылар туралы тақырыптар төңірегінде ой өрбітті. Кітапхана оқырмандары кеш кейіпкеріне бүгінгі қоғамдағы жастар мәселесі, патриоттық тәрбие берудегі спорттың маңызы жөнінде сұрақтар қойып пікір алысты.

Рисунок1   Рисунок2   Рисунок3

  1. Соңғы жаңалықтар
  2. Бейне жаңалықтар

«Оқудың ерекше тәсілд…

15-08-2024 Hits:223 Uncategorised Altin - avatar Altin

14 шілде күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде жазғы оқу бағдарламасы аясында «Ресурс» түзету - дамыту орталығы үшін «Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі өтті. Іс - шара барысында ұлдар мен...

Ары қарай оқу

«Абай әндері қалықтас…

15-08-2024 Hits:251 Uncategorised Altin - avatar Altin

Абай мұрасы - адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары деп білеміз. Абай тағылымы арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет рухани мұраларды сіңіру, жастарымыздың бойына ізгіліктің...

Ары қарай оқу

Балалар жазушысы Жақа…

26-07-2024 Hits:339 Uncategorised Altin - avatar Altin

25 шілде күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Киіз үйдегі кітапханада» «Чипси мен шибауырсақ» кітабының...

Ары қарай оқу

 

 

 

 

Яндекс.Метрика