25 шілде күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Киіз үйдегі кітапханада» «Чипси мен шибауырсақ» кітабының авторы Жақан Жұпар Рысқұлқызымен шығармашылық кездесу өткізілді.
Кездесу аясында кітапхананың жас оқырмандары дұрыс тамақтану мен зиянды тағамдар туралы, кітаптағы қызықты мысалдардың үзінділерімен танысты. Сондай-ақ шараға қатысушылар үшін автормен танысу және қызықты ойындар өткізілді, ойын барысында «Бауырсақтар» командасы жеңіске жетті. Іс-шара барысында балалар кітаптан кейіпкерлер жасап, «Шибауырсақ» сөзінен жаңа сөздер құрастырып, жазды. Барлық оқырмандарға таза ауада өткізілген шара өте ұнады.
 
5    6    7
Яндекс.Метрика