«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің «Атамұра» ұлттық қолөнер орталығының шебері, «ЭКСПО- 2017» көрмесінің күміс жүлдегері, темір ұстасы, зергер Қылышбек Жұматұлымен «Алтын қолды шебер» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара қонақтары: Жазушы, журналист, этнограф, өлке тарихын зерттеушісі, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төрехан Майбас; тарихшы-ғалым, этнограф, өлкетанушы, Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы; Өлкетанушы, қуғын-сүргін құрбандарын есте қалдыру мақсатында құрылған "Тағзым" тобының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Смағұлов Аңғар Марғозыұлы; Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми қызметкері Елужан Елемесұлы Серімов; Абай атындағы мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі Әбдіров Жұмагелді Дәулетбекұлы; Теміртау қаласы ҚарМет зауытының ағаш ұстасы-дизайнер Дүйсенбеков Төлеуғазы Серікбайұлы; дәстүрлі әнші Қуандық Төкен; «Орталық Қазақстан» газетінің Аймақтар бойынша меншікті тілшісі Имашев Ержан Мясович; Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің «Серпер» домбыра үйірмесінің жетекшісі Бакраев Қанат Балтабайұлы; Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ тарих факультеті студенттері, Қылышбек Құрмантегінің шәкірттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Қылышбек Жұматұлы ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнерін жасөспірімдерге меңгертіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда. Ол қолының ебі мен икемі бар балаларды ағаш пен темірден халқымыздың қолөнер және зергерлік бұйымдарын жасауға баулып, үйретумен айналысады. Кеш барысында модератор шебердің өмір-жолы мен кәсібі жайында оқырмандарды таныстырады. Оқырмандар қонаққа сұрақтарын қойып, еркін форматта пікірлесті. Шара б арысында «Зергерлік өнер нақыштары» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, іс-шара соңында ұлттық әндер орындалып, кеш соңында модератор қонақтарға алғысын білдіріп, әсерлі кешті қорытындылады.

1   2   3

Яндекс.Метрика