2 қараша күні №22 кітапхана-филиалында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жаңа дәуір жыршысы» тақырыбында лирикалық этюд өткізілді. Шараның мақсаты: оқырмандарға акцияның мақсат-міндеттерін түсіндіріу, кітаптары «Жыл кітабы-2017» ретінде таңдалған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы туралы мағлұмат беру, жыл бойы оқылған кітаптары бойынша лирикалық этюд жасау, патриоттық тәрбие беру. Шара бары-сында С.Торайғыровтың шығармаларының қазақ әдебиетінде маңызды орын алатындығы жөнінде айтылды, кітапхананың белсенді оқырманы зейнеткер Шоланова Гүлнара ақынның жыр жауһа-рына шолу жасап, өлеңдерін жатқа оқыды. Сұлтанмахмұт Торайғыров – елдің тəуелсіздігіне, халықтың ғылым мен мəдениет арқылы дамуына зор үлес қосқан ақын. Оқырмандар ақын шығармаларының алуан жанрлы, әдеби қазына екендігі жөнінде ойларымен бөлісті. С.Торайғыровтың мұраларын қадірлеп, зерттеп, дамытып отыру керектігі айтылды. Шараның қорытындысында кітап көрмесіне шолу жасалды.