Біздің өлкеміз үшін тарихи-мәдени бағыттағы ең маңызды міндет – бұл өңіріміздің даму тарихы туралы білімді сақтап қалу. Бұл міндетті жүзеге асыруға М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының өлкетану бөлімі көмек көрсете алады. Өлкетану бөлімінің негізгі қызметі болып өлкетанулық ақпарат көзін жинау және құру саналады. Бөлім оқырмандарға қала жаңалықтары жайлы материалдар ұсынады. Бөлімде поэзия сүйер оқырмандармен және ақындармен кездесулер өткізілетін «Қарымды қаламгер», «Замандас» клубтары жұмыс істейді. Сонымен бірге  «Өлке тұлғалары», «Тарих және уақыт» жобалары жұмыс атқарады. Жоба аясында жыл сайын әртүрлі тақырыптарда әдеби кештер, кездесулер, конференциялар, презентациялар, дөңгелек үстелдер, кітап талдаулар келесі тақырыптарда өткізіледі - қалалар мен аудандар тарихы, қарағандылық ақын-жазушылардың шығармашылық өмірі, Қарағанды қаласының тарихы, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Қарлаг т.б. Осы жылдары көптеген ақын-жазушылар, ғалымдар кітапхананың қонақтары болды, мысалы: А.Жағдаұлы, С.Жанысбай, С.Сағынтай, Б.Мүбәрак, Қ.Б.Асқаров, М.Асан, Ж.Байбұланова, С.Ақсұңқарұлы, т.б., ғалымдар Т.Жұртбай, Ж.Смағұлов т.б. Өлкетану бөлімінде облыстың тарихын білетін, оны зерттейтін Т.Көкетаев Т.Т.Аршабеков сынды нағыз өлкетанушылармен және тағыда басқа қаланың танымал тұлғаларымен кездесу кештері жиі өткізіліп тұрады.

Бөлімнің меңгерушісі - Толеуханова Айткүл Толеухановна

Бөлімнің жұмыс кестесі:
дүйсенбі — жұма 9.00-18.00
сенбі, жексенбі-демалыс
Байланыс ақпараты:
тел. (7212) 42-12-26
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Яндекс.Метрика