«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу» жобасы аясында «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісімшарты әскерінің тобы» ардагерлерінің төрағасы Егінбай Слямовпен «Ардагер жолы» атты кездесу өтті. Кеш қонақтары: Камалиев Сәтбек Сүлейменұлы ГКӘТ ВКШӘТ орынбасары, зейнеткер; Абдикаримов Төлеубек Бисембекұлы Теректі Кен байыту комбинатының операторы; Сагинбеков Серік Рымбекұлы Спорт комитеті жаттықтырушы, зейнеткер; Құттыбек Бейсембай Маймақұлы Құрылыс мамандарын оқытушы, кәсіби мамандарды дайындау инженері, зейнеткер; Аманжолов Қуаныш Жәлелұлы Металлургия Каз Карбон қол формовшигі, зейнеткер; Каримов Қазыбек Жұмағалиұлы "ТОО Кармет Тархан" аға бақылаушы; Исатаев Жомарт Ашкенұлы КГУ Центр Спорт САРАН қаласы - күзет бақылаушысы, Қарағанды, Саран қалалары мектептерінің мұғалімдері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесу барысында модератор Егінбай Слямовтың өнегелі өмір мен еңбек жолы туралы ақпарат беріп өтті. Іс-шараға қатысушылар Егімбай Слямовтың еңбек жолының ұрпақ тәрбиесіндегі үлгі болатын істерінен жан-жақты мағлұмат алды. Оқырмандар кеш кейіпкеріне сұрақтар қойып, кітап көрмесімен танысты.

448831442 1002081858254291 870424640455281392 n    448909321 1002081704920973 5840875256764221262 n   448868330 1002081651587645 1666191870231044376 n

Яндекс.Метрика