☀️14 шілде күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде жазғы оқу бағдарламасы аясында «Ресурс» түзету - дамыту орталығы үшін «Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі өтті.
📖Іс - шара барысында ұлдар мен қыздар өздерінің оқу техникасын стандартты емес тәсілдермен-спиральмен, тігінен, әртүрлі сызбалар арқылы, шатастырылған әріптермен және шифрланған суреттер арқылы үйренді.
🔖Тренингтің мақсаты бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылығын қалыптастыру, сөйлеуді жаттықтыру және мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
✂️Іс-шара қолөнер жасау және сүйікті мультфильмдерді көру сабағымен аяқталды.
 
Sult    Sult1
Абай мұрасы - адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары деп білеміз. Абай тағылымы арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет рухани мұраларды сіңіру, жастарымыздың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрлі дәнін егу – мүлт кетпес мүддеміз деп білеміз. Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы - тәрбиенің де қайнар бұлағы.
М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың «Өлкетану» бөлімінің ұйымдастыруымен Абайдың асыл мұрасын насихаттау мақсатында Ұлы Абайдың 179 жылдығына орай «Абай әндері қалықтасын» атты кездесу өткізілді. Шараға ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз - Зина Камалиева, «Ақниет» ансамбілінің мүшесі – Ботантаева Жәмила, «Көзкөргендер» ансамбілінің мүшесі - Көрікбаев Хамит, «Сәулем-ай» ардагерлер ансамбілінің мүшелері, Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы, Қарағанды облысы "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының тобы, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шараны модераторлар құттықтау сөзбен ашып, Абай Құнанбаевтың әндерінің шығуы мен насихатталуына тоқталып өтті. Шараға келген қонақтар мен оқырмандар Абай әндері жайында ой бөлісіп, пікір алмасты. Кездесу барысында Абай әндері орындалып, ақын әндерінің бүгінгі күндегі құндылығы жан-жақты талқыланды. Іс-шараға қатысушылар Ұлы Абайдың ән өнеріне қосқан үлесіне ерекше баға берді.
Сонымен қатар шара барысында "Ақниет", "Көзкөргендер" ансамбльдерінің орындауында әндер шырқалды. Шара соңында жиналған көпшілік «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
 
Abay   Abay1   Abay2

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында ҚР ІІМ құрметті қызметкері, запастағы генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мирлан Қызыловпен «Әділдік жолындағы азамат» атты кездесу кеш өтті. Кеш қонақтары: Заң ғылымдарының кандидаты, запастағы полиция полковнигі, «Облыстық қазақ тілі және мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серімов Елеужан Елемесұлы, запастағы полиция полковнигі Ізбасқан Нысанқұлов, дәстүрлі әнші Ержан Базарбеков, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының I курс курсанттары, Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы, Қарағанды облысы "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының тобы, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мүшелері, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының қоғамдық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесуде модератор оқырмандарға Мирлан Қызыловтың ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында еңбек еткен жолдарына, ең төменнен бастап, генерал-майор шеніне жеткені туралы ақпарат беріп өтті. Кездесу барысында кеш кейіпкері оқырмандарға өзінің балалық, студенттік шағы және генерал-майор болғанға дейінгі өткен жолы, өмірінің қызықты, әсерлі сәттері туралы баяндап берді. Іс-шара барысында М.Қызыловтың ұстаздары, әріптестері, замандастары ақпаратпен бөлісті. Қатысушылар кеш кейіпкеріне сұрақтарын қойып, еркін форматта пікірлесті. Сондай-ақ, кітапхана қорына өзі жазған кітабын да сыйға тартты. Іс-шара соңында модератор қонақтарға алғысын білдіріп, кездесуді қорытындылады.

24   25   26

25 шілде күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Киіз үйдегі кітапханада» «Чипси мен шибауырсақ» кітабының авторы Жақан Жұпар Рысқұлқызымен шығармашылық кездесу өткізілді.
Кездесу аясында кітапхананың жас оқырмандары дұрыс тамақтану мен зиянды тағамдар туралы, кітаптағы қызықты мысалдардың үзінділерімен танысты. Сондай-ақ шараға қатысушылар үшін автормен танысу және қызықты ойындар өткізілді, ойын барысында «Бауырсақтар» командасы жеңіске жетті. Іс-шара барысында балалар кітаптан кейіпкерлер жасап, «Шибауырсақ» сөзінен жаңа сөздер құрастырып, жазды. Барлық оқырмандарға таза ауада өткізілген шара өте ұнады.
 
5    6    7

6 шілде күні "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ, Қарағанды қаласының ОКЖ қолдауымен "Астана күні" мерекелеу аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағында "Киіз үйдегі кітапхана" жобасының ашылуы өтті.

Сондай - ақ киіз үйде Астана күніне арналған "Менің сүйікті - Астана" ойын-сауық алаңы өткізілді.

Киіз үй қонақтары үшін әдебиеттерді қарау дайындалып, көптеген конкурстар, ойындар мен вткториналар өткізілді.

18   19   20   21

Ішкі категориялар

Яндекс.Метрика