10.12.2025ж «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ-нің 2-курс студенттерімен «Азаттықты аңсаған – жеткен мұрат» атты танымдық іс-шара №27 кітапхана филиалында өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Студенттерге Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызын терең түсіндіру;
Тарихи оқиғалар мен Желтоқсан көтерілісінің ел азаттығына қосқан үлесі туралы білімдерін кеңейту;
Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті, елін құрметтеуге тәрбиелеу;
Азаттық жолында жанын пида еткен батырлар ерлігін дәріптеу арқылы жастардың бойында патриоттық рух қалыптастыру.
Қазақстан Тәуелсіздігі – ғасырлар бойы бабалар аңсаған арман, азаттық жолында төгілген тер мен қанның жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, дербес ел атанды. Бұл күн – халқымыздың жаңа тарихының бастауына айналған маңызды белес.
Тәуелсіздік бізге:
өзінің рәміздері бар егемен ел болу құқын,
туған тіліміз бен мәдениетімізді жаңғырту мүмкіндігін,
әлемге танылған, бірлігі бекем мемлекет болу жолын ашты.
Бүгінгі ұрпақ – осы азат күннің қадірін біліп, тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау міндетін арқалаған жас буын.




