26.09.2025 N 1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалында “Мұхтар Әуезов әлемі” жазушылар күні өтті. Оған Ж.Ташенев атындағы ЖББМ 8 “Е” сынып оқушылары, “Жастар” БЖК балалары, “Жастар” БЖК нұсқаушы-әдіскері Б. Л. Дарабаева, кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы оқушыларды қазақ жазушысы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, кітап көрмесі мен викторинаға шолу жасады. Содан кейін балалар “Бос орындарды толтырыңыз”, “дұрыс немесе бұрыс”, “екі бағанды сәйкестендіріңіз”, “дәйексөз жинаңыз” байқауларына қатысты. Іс-шара соңында алған білімдерін бекіту үшін шағын плакаттар жасалды.

2025 09 26 155450    2025 09 26 155501    2025 09 26 155508

Яндекс.Метрика