2025 жылдың 24 қыркүйегінде №16 кітапхана-филиалы «Даналық қазынасына қош келдіңіз!» атты ашық есік күнін өткізді.
Ашық есік күнінің бірінші жартысында қонақтар кітапхананың ашылуынан бастап оның даму тарихымен,кітап қорымен , кітапханада өткізілген іс-шаралармен таныстырылды және кітапхана мұрағатындағы бірегей фотосуреттер көрсетілді.
«Қарттар күні» қарсаңында «Шаңырақ» оқырмандарымен өнегелі диалогтар өткізілді.
Түстен кейін бізге No4 мектеп-интернатының 5-7 сынып оқушылары келіп, балалар М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ «Оқымысты азамат» әңгімесі талқыланды.
Балаларға арналған абонемент бөлімінде қатысушылар «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Ойлан тап!», «Сөздерді дұрыс байланыстыр!», «Әдеби сөзжұмбақ» атты түрлі сайыстарға белсене қатысты.
Ашық есік күні қызықты, әрекетке толы және танымдық болды!

2025 09 26     2025 09 26 153656     2025 09 26 153720

Яндекс.Метрика