№11 балаларға қызмет көрсету кітапхана филиалында «Kitap Time: жаңа әлемге қадам» - әдеби ашылу күні өтті. 
«Кitap Time: жаңа әлемге қадам» атты әдеби ашылу күні №6 ЖББМ-тің 2 «А» сынып оқушылары үшін қызықты саяхатқа айналды. Оқырмандар кітапхана қорымен, әртүрлі жанрдағы шығармалармен, ертегілермен, әңгімелермен, өлеңдермен танысты. Іс-шара барысында балаларға көптеген пайдалы және жаңа мәліметтер айтылды: кітапхана ережелері, кітапқа ұқыпты қарау, кітап таңдауда ересектердің көмегі туралы. Олар қуана-қуана классиктердің және қазіргі заман авторларының кітаптарын қолына алып, үлкен қызығушылық танытты. Мұндай кездесулер жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, достыққа, ізденіске, білімге деген құштарлықты қалыптастырады.

Снимок экрана 2025 09 22 092110    Снимок экрана 2025 09 22 092117    Снимок экрана 2025 09 22 092130

Яндекс.Метрика