12.09.2025ж. кітапханада “Адал-адам, адал-еңбек, адал-табыс” жобасы аясында « Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты кездесу өтті. Кездесу қонағы Академик Е. А. Бөкетов атындағы Ұлттық зерттеу университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы компланес-қызметінің маманы Алиев Шыңғыс Амантайұлы шақырылды. Іс -шараның қатысушылары Қарағанды жоғарғы гумманитарлық колледжінің студенттері. Шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның алдын алу жолдары түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтары насихатталды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Снимок экрана 2025 09 18 102236     Снимок экрана 2025 09 18 102242     Снимок экрана 2025 09 18 102251

Яндекс.Метрика